ҚР Үкіметінің отырысы, 23.09.2019

23 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

—Отырыста өңірлердің жылыту маусымына дайындығы, «Бастау Бизнес» жобасын іске асырудың аралық қорытындысы және мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту мәселелері қаралды. 

— Жылыту маусымына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР энергетика министрінің бірінші орынбасары М. Досмұхамбетов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев, Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары Р. Скляр баяндады

— «Бастау Бизнес» жобасын іске асырудың аралық қорытындысымен ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов таныстырды.

—  Мемлекеттік сатып алулардағы отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндады. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу