ҚР Үкіметінің отырысы, 28.04.2020

28 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

— Үкімет отырысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тауар сүйемелдеу жүйесін құру, сондай-ақ кеңжолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. 

— Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тауар сүйемелдеу жүйесін құру жоспары туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, Алматы облысының әкімі  А. Баталов және Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов баяндады.

— Елді мекендерді кеңжолақты интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы К. Есекеев, «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы Ж. Надыров, «Кар-Тел» ЖШС атқарушы директоры Е. Настрадин, сондай-ақ Ақмола облысының әкісі Е. Маржықпаев пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов баяндады.

— Мәселерді қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Асқар Мамин бірқатар нақты тапсырмалар берді

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу