ҚР Үкіметінің отырысы, 02.05.2023

2 мамырда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қалалық және ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау мәселелері қаралды. Қабылданған шаралар туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы Марат Қарабаев және экология және табиғи ресурстар министрі — Зүлфия Сүлейменова баяндады.

— Әлихан Смайылов еліміздегі сумен жабдықтау инфрақұрылымына мониторинг жүргізіп, бір ай мерзімде Үкіметке апат қаупі аса жоғары объектілердің тізбесін енгізуді, осы жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстары созылып кеткен барлық ауыз су жобаларының аяқталуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ бір ай мерзімде суға жаңа тарифтік саясатты енгізу бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды

— Үкімет отырысында Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2022-2024 жылдарға арналған жоспарын іске асыру барысы қаралды. Мәселе бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндама жасады. 

— Баяндамашыларды тыңдап, Премьер-Министр нарықтың нақты қажеттілігін ескере отырып, Жаңа көкөніс қоймаларын салу және қолданыстағы қоймаларды жаңғырту бойынша кешенді жоспарды өзектендіруді, барынша қысқа мерзім ішінде субсидиялаудың онлайн-платформасының тиісті жұмысын қамтамасыз етуді, маусым айының соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қажетті өнімдерін сатып алуды, оның ішінде көрші елдерден әкелеуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясының» жұмысын еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін және ӘМАТ бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз етуге бағыттай отырып, қайта құруды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу