ҚР Үкіметінің отырысы, 02.11.2020

—  Үкімет отырысында АӨК және жер қатынастарын цифрландыру және мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселелері қаралды.

— АӨК және жер қатынастарын цифрландыру туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр, сондай-ақ Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының фермерлік шаруашылықтарын цифрландыру тәжірибесі туралы агробизнес өкілдері «Олжа Агро» ЖШС бас директоры Айдарбек Қожаназаров, «Атамекен Агро» АҚ басшысы Александр Фадеев, «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС басшысы Фарид Абитаев баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бір ай ішінде АӨК және жер қатынастарын одан әрі цифрландырудың жол картасын әзірлеуді, келесі жылы жер қатынастарын цифрландыру жөніндегі жұмысты аяқтап, жер учаскелеріне құжаттар беру мерзімін 1 жылдан 20 күнге дейін қысқартуды тапсырды.

— Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндады.

— Үкімет басшысы жыл соңына дейін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 100% кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасын әзірлеуді, Жұмыспен қамту орталықтары мен ХҚКО-ларда мүгедек адамдар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын ұлғайтуды, сондай-ақ салынып жатқан барлық оңалту орталықтарын уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу