ҚР Үкіметінің отырысы, 03.12.2019

3 желтоқсанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Отырыста Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы, салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері, сондай-ақ, АӨК мемлекеттік қолдаудың жаңа тәсілдері қаралды. 

— Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасымен ұлттық экономика министрі Р. Дәленов таныстырды. Аталған мәселе бойынша Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек баяндама жасады. 

— Премьер-Министр А. Мамин қалаларды дамытудың салмақталған саясатын одан әрі де жүргізуді тапсырды

— Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша салық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге қатысты Министрліктің жұмыс нәтижелері туралы баяндады, сондай-ақ алдағы міндеттермен таныстырды. 

— Премьер-Министр Қаржы министрлігіне тәуекел деңгейі жоғары  бағыттарды бақылауға баса назар аударумен бюджетке түсімдердің жасалған жоспарын сапалы орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін ауыл шаруашылығы, ішкі істер, әділет министрліктеріне, барлық мемлекеттік органдарға және әкімдіктерге, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына деректер базасын жандандыруды аяқтау тапсырылды.

— Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың жаңа тәсілдері туралы айтып берді. Сондай-ақ, агробизнес өкілдері И.Сауэр, А.Рафальский и А.Ходжаназаров, Алматы облысының әкімі А.Баталов және Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов баяндама жасады. 

— Премьер-Министр АӨК-тің субсидиялау бойынша берешегін жою шараларын қабылдауды тапсырды

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу