ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021

—  Үкімет отырысында еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай және ШОБ қолдау шаралары қаралды. 

— Қазіргі ахуал және халықты вакциналау барысы туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, өңірлердегі ахуал туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов баяндады.

— Премьер-Министр көшпелі вакциналау пункттерін қолдануды кеңейте отырып, ауыл тұрғындарын барынша вакциналауды қамтамасыз етуді, мамыр айында 2 млн астам адамды вакцинамен қамтамасыз ету жоспарын орындауды, Қазақстанда қолданылатын барлық вакциналардың қауіпсіздігі, оларды таңдау мүмкіндігі, сондай-ақ шектеу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын арттыруды тапсырды

— Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, «Атамекен» ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрағасы Гаухар Бөрібаева баяндама жасады.

— Үкімет басшысы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі өзектендірілген кешенді жоспарды уақытылы орындауды, бизнесті салықтық ынталандыру бойынша заңнамалық түзетулер пакетін қабылдауды және 2021 жылғы 1 маусымға дейін Парламентте тиісті жұмысты жүргізуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу