ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020

4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

— Үкімет отырысында эпидемияға қарсы шаралардың іске асырылу барысы және жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуына дайындық мәселесі қаралды. 

— Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ағымдағы жағдай туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады.

— Бірінші мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин күзде пайда болуы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайын болу керектігін, әрі оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенін іске асыруды тапсырды

— 2020-2021 оқу жылының басталуына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін уақытша атқарушы Б. Мусин, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек баяндады.

— Екінші мәселе бойынша Үкімет басшысы осы жылдың 25 тамызына дейін оқушылар мен педагогтердің оқу жылының қашықтан басталуына толық дайын болуын, мұғалімдердің тиісті оқудан өткізілуін, интернет-платформаларда және теледидарда қажетті контенттің толық көлемде дайындалуын қамтамасыз етуді тапсырды

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу