ҚР Үкіметінің отырысы, 08.08.2023

8 тамызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов баяндама жасады.

— Үкімет басшысы жолдарды, көпірлерді, су өткізу құрылыстарын тасқын суды өткізуге дайындау жұмыстарын жалғастыру, сондай-ақ республиканың барлық өңірі үшін су тасқынын модельдеу жөніндегі цифрлық платформаны әзірлеуді тапсырды. барлық дайындық шарасын қыс түскенше аяқтау қажет.

— Екінші мәселе бойынша Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды. Тақырып шеңберінде Премьер-Министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова баяндама жасады.

— Әлихан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірге елімізде жоғары сұраныс бар мамандық иесі немесе шетелде табысты бизнес-жобалары болса, олардың мүмкіндіктерін әрі қарай Қазақстанда пайдалану үшін шетелдік азаматтардың елімізге жеңілдетілген тәртіппен кіруін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ заңсыз көші-қонмен күресті және шетелде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту, сондай-ақ жыл соңына дейін «Бүркіт» жүйесімен интеграциялай отырып, елдегі көші-қон процестерін реттеудің бірыңғай жүйесін енгізу қажеттігі айтылды.

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Қарағанды ​​облысында орын алған балалардың жаппай улану жағдайы қаралды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды ​​облысындағы Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына түскен 14 баланың бүгінде 6-уы ауруханада, олардың барлығы жансақтау бөлімінде жатқанын айтты. 

— Премьер-Министр ДСМ-ге балаларды барлық қажетті дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етіп, ауруханадан шыққаннан кейін де олардың жағдайын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктерінен интернаттық, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі балалардың қауіпсіздігін бақылауды күшейтуді талап етті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу