ҚР Үкіметінің отырысы, 10.03.2022

10 наурыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.  

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы және Халықтың табысын арттыру бағдарламасы қаралды. 
  • Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов, ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарының әкімдері баяндама жасады.
  • Ә. Смайылов әлеуметтік маңызы бар дақылдар мен жем-шөптің қажетті көлемін себе отырып, ауыл шаруашылығы жерлерін әртараптандыруды, сондай-ақ минералдық тыңайтқыштарды өндірушілермен алдымен ішкі нарықты қамтамасыз ету мәселесін пысықтауды, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жаз бойы сумен қамтамасыз етуді тапсырды.
  • Халық табысын арттыру бағдарламасы туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, энергетика министрі Болат Ақшолақов, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, «Атамекен» ҰКП басқарма басшысының м. а. Нариман Әбілшайықов баяндама жасады.
  • Үкімет басшысы жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнестің ілеспе субъектілерін дамыту мақсатында өңдеу саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін пысықтауды, еңбек табысындағы теңгерімсіздікті жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды,  қызметкерлердің жалақыларын орташа салалық деңгейге дейін арттыруы, сондай-ақ бюджеттік қызметкерлердің орташа жалақысын көтеруді қамтамасыз етуді, негізгі капиталға инвестициялар тарту және жұмыс орындарын құру бойынша KPI негізінде мемлекеттік органдардың, барлық деңгейдегі әкімдіктердің тиімділігін бағалауды және рейтингін жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу