ҚР Үкіметінің отырысы, 11.08.2020

11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

 — Үкімет отырысында эпидемияға қарсы іс-шаралардың іске асырылу барысы, сондай-ақ ҚР 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. 

— Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ағымдағы жағдай туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады.

— Бірінші мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мемлекеттік комиссияның қарауына Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды

 —  Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, қаржы министрі Е. Жамаубаев, өнеркәсіп пен энергетика секторындағы ахуал туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов және энергетика министрі Н. Ноғаев, агроөнеркәсіп кешені туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, өңірлердің дамуы туралы Алматы облысының әкімі А. Баталов, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов, Атырау облысының әкімі  М. Досмұхамбетов, Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин баяндады.

— Екінші мәселе бойынша Үкімет басшысы өңірлік дағдарысқа қарсы штабтардың жұмысын жандандыруды, кәсіпкерлер көтерген мәселелерді шұғыл қарауды және тиісті шешімдерді қабылдауды тапсырды.
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу