ҚР Үкіметінің отырысы, 14.10.2025

14 қазан күні Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті.

Биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Қаржы министрі Мәди Такиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев және ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин,  көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндама жасады.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин осы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,3%-ды құрағанын атап өтті. Нақты сектордағы өсу 8,1%-ды құрады, қызметтер өндірісі 5,3%-ға өсті.

ҚР қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістер көлемі 17,3 трлн теңгені құрап, жоспар 102%-ға орындалғанын мәлімдеді. Республикалық бюджеттің түсім көлемі 10,5 трлн теңгені құрады.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов есепті кезеңде мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 75,7 млн тоннаны құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,2% артық деп хабарлады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 9 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында оң динамика байқалып, өсім 6,2 %-ды құрады деп мәлімдеді.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев сауданың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжановтың айтуынша, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша көлік және қоймалау саласындағы нақты көлем индексі 121,2%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов биылғы 9 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсуі 4,4%-ды құрағанын, ал жоспар бойынша бұл көрсеткіш 2,3% болғанын атап өтті.

Премьер-министр Мемлекет басшысы өткен аптада экономикалық даму сапасын арттыру мәселелеріне арналған кеңесте макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шараларын қабылдауды және халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін тапсырғанын атап өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу