ҚР Үкіметінің отырысы, 15.02.2022

15 ақпан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру шаралары қаралды. 

  • Еліміздің экономикалық дамуы саласындағы тапсырмаларды іске асыру туралы ҚР ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Президенттің тапсырмаларын орындауға бағытталған шаралар туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, агроөнеркәсіптік кешеніндегі тапсырмаларды іске асыру туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, денсаулық сақтау жүйесіндегі тапсырмалардың орындалуы туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, құрылыс нарығын монополиясыздандырудың қазіргі жағдайы мен негізгі тәсілдері туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, шаралардың Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде қалай іске асырылып жатқаны туралы ведомство басшысы Серікқали Брекешев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, Үкіметтің қаржы-экономикалық блогы тарапынан берілген тапсырмалардың орындалуы туралы Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, АЭА тиімділігін арттыру шаралары туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, ведомство алдына қойылған міндеттердің орындалуы туралы ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов, ведомство қабылдап жатқан шаралар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш даму министрі Бағдат Мусин баяндады. 

  • Мәселені қарау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы тауарлық және сұйытылған газ өндірісін ұлғайту, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы инвесторлар үшін ынталандыру шараларын әзірлеу мақсатында Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер топтамасын енгізуді, ауруханалар салу бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасының бірыңғай және оңтайлы нұсқасын әзірлеуді, шұғыл түрде «СҚ-Фармация» базасында медициналық техниканы бір орталықтан сатып алу, оның ішінде өндірушілерден бүкіл пайдалану мерзіміне сервис ұсына отырып, тікелей сатып алу мәселелерін пысықтауды тапсырды

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу