ҚР Үкіметінің отырысы, 17.10.2023

17 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту шаралары қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова баяндама жасады. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жергілікті жерлерде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Премьер-Министр Үкімет алдында биыл шамамен 1 млн адамды жұмысқа орналастыру бойынша маңызды міндет тұрғанын атап өтті. Жалпы 734 мың адам жұмыспен қамтылған, олардың жартысы – жастар.

Үкімет отырысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары қаралды. Бұл мәселе бойынша мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев және Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндама жасады.

Премьер-Министр 2025 жылға дейін әр облыста балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтарын ашу жоспарын әзірлеп, бекітуді, жаңа отбасын қолдау орталықтарын, сондай-ақ наркологиялық мекемелерді ашуды қамтамасыз етуді, психотерапевтер мен наркологтарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты ұлғайту мәселесін пысықтауды, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдатуға қатысты қабылданған түзетулер бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу