— Үкімет отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.
— Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов баяндама жасады.
— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 1 ақпаннан бастап медициналық ұйымдардың халықты «Спутник V»-мен жаппай вакциналауды бастауға дайын болуын қамтамасыз етуді, өңірлердің әкімдеріне эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда алдын ала шектеу шараларының жоспарын әзірлеуді, инфекциялық стационарлар мен алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында жеке қорғаныш құралдары мен коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек қорларына тексеріс жүргізуді тапсырды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты депутаттық сауал