ҚР Үкіметінің отырысы, 19.06.2023

19 маусымда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жаңа шаралар қаралды. Жалпы тақырып бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин баяндама жасап, ұсынылған түзетулер бойынша Қазақстанның Ұллттық тұтынушылар лигасының төрағасы Светлана Романовская түсініктеме берді.

  • ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, тұтынушылар сондай-ақ денсаулық сақтау, тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, байланыс салаларындағы қызметтердің сапасына да жиі шағымданады. Мемлекеттік органдар өтініштерді уақытылы қарай бермейді. Көбінесе мәселе сол күйі шешілмей қалып жатады. Осыған байланысты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің жұмысын күшейту қажет.

  • Сонымен қатар отырыста туризм саласындағы қазіргі ахуал және саланы одан әрі дамыту шараларын іске асыру мәселелері қаралды. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндама жасады.

  • Үкімет басшысы негізгі туристік орындарға баратын жолдарды жөндеу және салу жөніндегі жұмысты жеделдетуді, туристік объектілерді инженерлік инфрақұрылыммен уақытылы қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды, сондай-ақ курорттық аймақтар мен туристік объектілердің санитарлық жай-күйі мен абаттандырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу