ҚР Үкіметінің отырысы, 22.02.2022

22 ақпан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мәселесі қаралды.
  • Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндады. 
  • Үкімет басшысы Әлихан Смайылов эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізуді одан әрі жалғастыруды, жоспардан артта қалған өңірлердің әкімдеріне халықты вакциналау және ревакциналау жұмыстарына бақылауды күшейтуді тапсырды
  • Жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, сондай-ақ Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов баяндады. 
  • Премьер-Министр Әлихан Смайылов жолдарды, көпірлерді, су өткізу құрылыстарын жоғары су көлемін өткізуге дайындау бойынша шаралар қабылдауды, инфрақұрылымның бұзылу қаупін уақытылы жоюды, су тасқынына қарсы барлық іс-шараларды үйлестіруді және сапалы іске асыруды қамтамасыз етуді, шекара маңындағы мемлекеттермен трансшекаралық өзендердегі су ағындары туралы тұрақты өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыруды, тиісті жедел штабтар құру, күштер мен құралдардың дайындығын, халықты уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етуді тапсырды.
  • Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мәселесі туралы ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндады.
  • ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов уәкілетті экономикалық операторлардың қызметіне қойылатын талаптарды заң жүзінде күшейту мәселесін қарауды, «Астана-1» және «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйелерінің сапалы жұмыс істеуін  қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу