ҚР Үкіметінің отырысы, 22.02.2023

22 ақпанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

– Отырыста көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, энергетика министрі Болат Ақшолақов, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Малғаждар Тәткеев баяндама жасады.

– Премьер-Министр баяндамашыларды тыңдап, көктемгі егіс жұмыстарын қамтамасыз ету үшін Үкімет қажетті шаралар қабылданғанын айтты. Атап айтқанда, жеңілдікті дизель отыны бөлінді, форвардтық сатып алу мен субсидиялауды қаржыландыру жоспарланған. Алдағы науқанға барлығы 140 млрд теңге қарастырылған. Премьер-Министр қорытындылай келе, фитосанитариялық іс-шараларды, тыңайтқыштар енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, республиканың оңтүстік өңірлерін суармалы сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар және жем-шөп дақылдарының қажетті көлемін себу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

– Сондай-ақ отырыста Қазақстанның елді мекендерін газдандыру барысы қаралды. Қазақстан энергетика министрі Болат Ақшолақов пен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов баяндама жасады.

– Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы елді газдандыруды 60%-ға жеткізу жөнінде міндет қойғанын еске сал Жалпы, «көгілдір отынға» 11,8 млн-нан астам тұрғыны бар 1800-ден астам елді мекен қосылуы тиіс. Премьер-Министр еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру мәселесіне нүкте қоятын уақыт жеткенін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу