ҚР Үкіметінің отырысы, 23.06.2020

23 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкімет отырысында бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар және жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.

— Бизнес ахуалды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады.

— А. Мамин мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

— Күзгі-қысқы маусымға дайындық бойыша атқарылып жатқан жұмыстар туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов баяндады.

— Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне алдағы жылыту маусымына сапалы дайындық шараларын күшейтуді, барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтауды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және әлеуметтік саланың барлық нысанының жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу