ҚР Үкіметінің отырысы, 24.01.2020

24 қаңтарда Үкімет үйінде Президент Қ. Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

— Үкімет отырысында еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебі, сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкімет қызметінің негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларын іске асыру барысы қаралды.

— Шараға Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов, Үкімет мүшелері, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

Жиынды ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев Сайлауалды бағдарлама мен Қазақстан халқына арналған Жолдауды жүзеге асыру барысында Үкімет пен Парламент бірлесіп үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті. Маңызды бағдарламалар қабылданып, макроэкономикалық көрсеткіш бойынша жоспарланған нәтижеге қол жеткізілді. Мемлекет басшысының пікірінше, Үкімет Президенттің тапсырмаларын орындауды қамтамасыз еткенімен, экономикалық дамудың сапасына қатысты әлі де шешілмеген мәселелер бар.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен осы жылға арналған міндеттер туралы баяндады.

— ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Е. Досаев бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, қаржы жүйесін дамыту және қаржы ұйымдарын реттеу бойынша 2019 жылы қабылданған шаралар туралы баяндады.

— Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын іске асыру барысы және 2020 жылға арналған басымдықты міндеттер туралы баяндады.

— Шығыс Қазақстан облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы өңір әкімі Даниал Ахметов баяндады.

— Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.

— Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу