24 Ақпан 2026, 15:20
Олжас Бектеновтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Онда көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ астық егетін негізгі облыстардың басшылары баяндама жасады.
Айдарбек Сапаров егіс алқаптарын дайындау барысы мен болжамды құрылымы туралы баяндады. Осы жылы оның жалпы ауданы шамамен 23,8 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 180 мың гектарға жоғары. Әртараптандыру жұмыстары жалғасуда: бидай алқаптары 125 мың гектарға қысқартылды.
Ерлан Ақкенженов саланы дизель отынымен қамтамасыз ету туралы хабарлады. 1 ақпан мен 30 маусым аралығында 402 мың тонна отын жеткізу кестесі бекітілді. Елімізде дизель отыны өндірісінің болжамды теңгерімі – 5 650 мың тонна, ал жалпы тұтыну көлемі 6 350 мың тоннаны құрайды.
Нұржан Нұржігітов су болжамын ұсынды. Talsim-NG моделіне сәйкес Сырдария мен Талас бассейндерінде су қалыптан төмен болады деп күтілуде. Тоқтоғұл су қоймасының көлемі өткен жылғы деңгейден 1,5 текше метрге, Киров су қоймасының көлемі бір жарым есеге төмен. Оңтүстікте вегетациялық кезеңде тәуекелдер бар, осыған байланысты Түркістан облысында Достық каналы бойындағы күріш дақылдары алқабын алып тастау, ал Қызылорда облысында олардың аумағын 70 мың гектарға дейін шектеу ұсынылды.
Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет маусымды сапалы өткізу үшін барлық жағдайды қамтамасыз еткенін атап өтті. Қаржыландырудың жалпы көлемі 1 трлн теңге деңгейінде сақталды. Үкімет басшысы мемлекеттік қолдаудың атаулы болу қажеттігін атап өтті: ол тек өнімі мол және адал шаруаларға ғана ұсынылуы тиіс. Сондай-ақ, агротехнологияларды сақтаудың және құрғақшылыққа төзімді әдістерге көшудің маңыздылығы атап өтілді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу