ҚР Үкіметінің отырысы, 25.05.2023

25 мамырда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Күн тәртібінен тыс Абай облысының Бородулиха ауданындағы ірі табиғи өртті жою мәселесі қаралды. Өңір әкімі Нұрлан Ұранхаев, Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі, генерал-майор Ибрагим Күлшімбаев және экология вице-министрі Галидулла Азидуллин баяндама жасады.

— Премьер-Министр елді мекендерге қатер төніп тұрмағанын атап өтті. Экология министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, өрт ошақтарын толығымен жойып, келтірілген залалды бағалау үшін «Семей орманы» резерватының аумағына тексеру жұмыстарын жүргізуі қажет екенін айтты.

— Үкімет отырысындағы екінші мәселеде 2022-2023 оқу жылының қорытындысы және жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы айтылды. биылғы оқу жылының қорытындысы және балалардың жазғы демалысты қалай өткізетіні туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндама жасады.

— Премьер-Министр мемлекет инфрақұрылымды дамыту, білім сапасын көтеру, тәрбие жұмысын күшейту, балаларды қосымша біліммен қамту бағытында жүйелі түрде тиісті жұмыстарды жүргізіп жатқанын атап өтті. Ол ішкі туризмді дамыту шеңберінде экскурсиялық-танымдық іс-шараларды ұйымдастырып, балалардың табиғат аясына саяхаттарын көбейтіп, каникул кезінде оқушылардың музейлерге, театрларға, қорықтарға, ұлттық парктер мен спорттық объектілерге тегін баруларын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу