ҚР Үкіметінің отырысы, 27.06.2023

27 маусымда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Сондай-ақ атқарылып жатқан жұмыстар туралы энергетика министрі – Алмасадам Сәтқалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі – Марат Қарабаев, Павлодар облысының әкімі – Асайын Байханов, Қарағанды облысының әкімі – Ермағанбет Бөлекпаев, Абай облысының әкімі – Нұрлан Ұранхаев баяндама жасады.

— Үкімет басшысы Энергетика министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, жылу көздерінің жөндеу мерзімдерін ауыстырмай, жылыту маусымына толық дайындықты қамтамасыз етуі, Индустрия министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс екенін айтып өтті. Премьер-Министр екі апта ішінде өңірлік электр желілік компаниялардың техникалық жай-күйіне талдау жүргізіп, тәуекелдер картасын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ ол Жылыту маусымына дайындық жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын түгел қайта қарауды талап етті. 

— Сондай-ақ Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі қаралды. Тақырып бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Василий Шиманский мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы баяндама жасады.

 — Премьер-Министрдің айтуынша, жаңа Кодексте ұсынылып отырған шаралар әлеуметтік қорғау жүйесін халықаралық стандарттарға сай қайта ретке келтіруге мүмкіндік береді. Кодекстің маңызды жаңалығының бірі – зейнетақыны кезең-кезеңмен арттыру. Жалпы қабылданып жатқан шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу