ҚР Үкіметінің отырысы, 4.04.2023

4 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Отырыста Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың 2023 жылғы 29 наурызда ҚР Парламенті сессиясының ашылуы барысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Ұлттық экономика министрінің м.а. Әлібек Қуантыров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. Марат Қарабаев, энергетика министрінің м.а. Болат Ақшолақов, ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Ербол Қарашөкеев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. Тамара Дүйсенова, денсаулық сақтау министрінің м.а. Ажар Ғиният, оқу-ағарту министрінің м.а. Ғани Бейсембаев, мәдениет және спорт министрінің м.а. Асхат Оралов баяндама жасады.

— Премьер-Министр Үкімет жұмысының негізгі басымдықтары елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және халықтың өмір сүру сапасын арттыру екендігін атап өтті. Мемлекеттік органдар Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыруда және Парламенттегі басым көпшілік «Аманат» партиясының бағдарламасын орындауға кірісті. Бұл ретте Мәжіліске өткен барлық партиялармен бірге белсенді жұмыс жүргізілетін болады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу