ҚР Үкіметінің отырысы, 03.12.2019

3 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.  

— Отырыста Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы және салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың жаңа тәсілдері қаралды. 

— Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы жобасын ұлттық экономика министрі Р. Дәленов ұсынды. Сонымен қатар бұл мәселе бойынша Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек баяндама жасады.

— Премьер-Министр А. Мамин қалаларды дамытудың салмақталған саясатын одан әрі де жүргізуді тапсырды.

— Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары - қаржы министрі Ә. Смайылов 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша салық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге қатысты Министрліктің жұмыс нәтижелері туралы баяндады, сондай-ақ алдағы міндеттермен таныстырды.

— Премьер-Министр Қаржы министрлігіне тәуекел деңгейі жоғары  бағыттарды бақылауға баса назар аударумен бюджетке түсімдердің жасалған жоспарын сапалы орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін ауыл шаруашылығы, ішкі істер, әділет министрліктеріне, барлық мемлекеттік органдарға және әкімдіктерге, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына деректер базасын жандандыруды аяқтау тапсырылды.

— Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың жаңа тәсілдері туралы айтып берді. Отырыс барысында агробизнес өкілдері И. Сауэр, А. Рафальский и А. Ходжаназаров, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов пен Алматы облысының әкімі А. Баталов тыңдалды

— Премьер-Министр АӨК-тің субсидиялау бойынша берешегін жою шараларын қабылдауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу