Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Тоғжанов: барлық әлеуметтік міндеттемелер уақытылы орындалады

Жексенбі, 15 Наурыз 2020, 19:16:32

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация  еліміздің батыс өңірлерінде жұмыс сапарымен жүр.

Делегация құрамында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, ҚР Президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев,  сондай-ақ денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Надыров, индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің орынбасары Аманияз Ержанов, ұлттық экономика министрінің орынбасары Ермек Алпысов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанов  бар.

13 наурызда делегация  Маңғыстау, Атырау облыстарында болды. 

Жұмыс сапары барысында Ералы Тоғжанов  бес өңірде облыс әкімдері мен мұнай-газ секторы өкілдерінің қатысуымен мұнай және мұнай газ саласындағы қызмет көрсету компанияларының проблемалық мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулерде әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың Қазақстан экономикасына әсері, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.

«Әлемдегі экономикалық жағдайды қиындататын ең үлкен мәселе - мұнай бағасының төмендеуі. Сонымен қатар, коронавирустық індет экономикаға кері әсерін тигізді. ОПЕК+ мүшелерінің келіспеушілігі мұнай бағасының 30% төмендеуіне әкелді. Болашақта экономикалық дамудың сценарийі және бюджеттік параметрлердің есебі мұнайдың бір баррелі  20-40 доллар деңгейінде есептелуі мүмкін», - деді Ералы Тоғжанов.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары жиналысқа қатысушыларды әлеуметтік тұрақтылық пен ұлт денсаулығы мәселелері ел Президентінің тұрақты бақылауында және Үкімет қазірдің өзінде қажетті шараларды қабылдауда деді.

«Біріншіден, барлық әлеуметтік міндеттемелер уақтылы орындалады. Екіншіден, еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың күрт өсуіне жол бермеу үшін елді мекендерді жөндеу және абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін арнайы жол картасы жасалынуда. Бұл ретте жұмыстан босатылатын жұмысшылар мен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Азаматтардың әл-ауқатын сақтаудың маңыздылығын атап өткен Ералы Тоғжанов жергілікті билік органдары мен жұмыс берушілерді әр аймақта әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету шараларын күшейтуге шақырды.

«Өздеріңіз білесіздер, мұнай-газ саласы - ел экономикасының негізгі қозғаушы күші. Халықтың әл-ауқаты үшін ең бастысы - жұмыспен қамту. Сондықтан бүгінгі таңда жұмыс орындарын сақтау және қызметкерлерге еңбекақыны уақтылы төлеу өте маңызды», - деді Ералы Тоғжанов.

Кездесулер барысында облыс әкімдері Үкімет мүшелеріне өз аймақтарындағы әлеуметтік-еңбек жағдайы туралы толық ақпарат берді.

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың айтуынша, 9 банкроттық кәсіпорында 127 қызметкерге 75,9 миллион теңге көлемінде жалақы қарыздары бар. Олардың қайтарымы банкроттық рәсімдер аясында жүзеге асырылады. Жалпы облыста екі мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды, ал 293 726 теңге көлеміндегі жалақы республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары. Маңғыстау облысында атаулы әлеуметтік көмекті 2,5 мың отбасы алады.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, аймақтағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрайды. Атаулы әлеуметтік көмек 1200 отбасына көрсетіледі. Жалпы облыста әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін барлық шаралар қабылдануда. Атырау облысында жалақы 334 583 теңгені құрайды. Бұл да республикадағы орташа айлық көрсеткіштен асады. Бүгінгі таңда барлық республикалық мұнайдың 52%-ы Атырау облысында өндіріледі. Ірі өндіруші компаниялар - «Теңізшевройл» ЖШС, «НКОК», «Қазмұнайгаз» АҚ. Қазіргі уақытта мұнай өндірісі саласында 15 мыңға жуық жұмысшы, мұнай сервистік компанияларда 80 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

ҚР Президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, мемлекет мұнай бағасының құлдырауы мен пандемиямен байланысты дағдарыстық жағдайлардың алдын алу бойынша жоспар әзірлеуде.

Кездесуге қатысқан ТШО-ның бас директоры Имер Боннер «Теңізшевройл» компаниясының мұнай өндіру мен оны қайта өңдеу жұмыстары қалыпты жағдайда жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«ТШО мұнай бағасының төмендеуіне байланысты қиын экономикалық жағдайдан шыға алады. Себебі біздің компания тарихында осындай кезең болған. Сонымен қатар, жұмысшылардың қысқаруы болмайды. Біз өзіміздің бизнес-шешімдерімізді қарап жатырмыз және барлық міндеттемелерді орындаймыз», - деді ТШО бас директоры.

 14 наурызда Үкіметтік делегация  Ақтөбе облысында болды. 

Облыс активі, өңірдің белсенділері және аймақтағы ең ірі мұнай-сервистік компаниялар басшыларымен кездесуі барысында Ақтөбе облысының әлеуметтік-еңбек саласындағы ағымдағы жағдайы егжей-тегжейлі сөз болды.  Аймақтың өнеркәсіп құрылымындағы мұнай газ үлесі үлкен, 35% -дан астамын құрайды.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің айтуынша, аймақтың мұнай-газ саласы кәсіпорындарында 15 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Жұмыс орындарын сақтау аясында барлық компаниялармен ұжымдық шарттар мен меморандумдарға қол қойылды. Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылдың басынан бастап мұнай-газ саласында жалақының өсуі орта есеппен 15% құрады немесе 11 мыңға жуық қызметкерді қамтыды. Басқа кәсіпорындарда жалақыны көтеру мәселесі құрылтайшылардың қарауында.

Үкіметтік делегацияның жұмыс сапары  Батыс Қазақстан облысында жалғасты.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев үкіметтік делегация мүшелерін өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдаймен және мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардың жұмысының өзекті мәселелерімен таныстырды. 

Облыс кәсіпорындарында жағдай тұрақты. Кәсіпорындар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. 

Аймақтағы ірі мұнай-газ жобаларында COVID-19 жағдайына және валюта бағамының өзгеруіне байланысты штат санын қысқарту жоспарланбайды.

Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде облыста шетелдік жұмыс күшін тартатын 108 кәсіпорын мен ұйымда барлығы 19 024 адам жұмыс істейді.  Соңғы жылдары отандық мамандардың үлесі 94%-ға (17764) дейін өсті, ал шетелдік мамандардың үлесі 6%-ға (1260) дейін төмендеді.

Батыс Қазақстан облысының орташа айлық жалақысы - 183 459 теңге республикалық көрсеткіш деңгейінде.

15 наурызда Премьер-Министрдің орынбасары бастаған Үкімет мүшелері Қызылорда облысына барды.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовпен және мұнай-газ секторының өкілдерімен кездесуінде жаңа мұнай кен орындарын игеру, осы салаға жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ мұнай сервисіндегі тарифтерді индекстеу мәселелері ерекше өзекті болды.

Қуанышбек Ысқақовтың айтуынша, Қызылорда облысында орташа жалақы 150 235 теңгені құрайды, бұл ел бойынша орташа деңгейден төмен.

Жалпы, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі жұмыс орындарын сақтау туралы 3 мыңға жуық ірі және орта кәсіпорындармен меморандумдарға қол қойған.  Облыстың 30 ірі және орта кәсіпорындармен жұмысшылардың бақыланатын ағымына арналған Жол картасына қол қойылды. Аталған карта бойынша кәсіпорындардан жұмысшылардың жұмыстан босатылған кезінде олардың мүдделері кадрлық қажеттілікке сәйкес  қолдау табады.

Ералы Тоғжанов өңірлерді дамыту мәселелері ел басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

«Облыста дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін, әсіресе  өндіріс нысандарының тұрақты жұмыс істеуі мен жұмыс орындарын сақтау  тұрғысынан кешенді шаралар қабылдау қажет. Өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты жұмысшылардың босатылуына жол берілмейді. Бұл күрделі мәселе», - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Өңірлердегі кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Энергетика министрлігіне және облыс әкімдіктеріне бірқатар проблемалық мәселелерді шешуде мұнай-газ саласының өкілдерімен ынтымақтастықты күшейтуді тапсырды.

Ең алдымен, өндіріс жоспарларын қайта қарау және мұнай бағасының өзгеруіне байланысты дағдарысқа қарсы жол карталарын әзірлеу тапсырылды.

Еңбек міндеттемелерін орындау аясында Ералы Тоғжанов еңбек дауларын болдырмау, жұмыс орындарын сақтау және кәсіпорындардың жұмысшыларына уақтылы жалақы төлеу жөнінде нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ коронавирустық инфекцияның жергілікті жерлерде енуіне және таралуына жол бермеуге бағытталған шараларды күшейту қажеттілігі айтылды.

Бес өңірге жасаған сапарында Ералы Тоғжанов облыс әкімдеріне елде бұқаралық мәдени және спорттық іс-шараларға уақытша тыйым салу, шектеулі орындарда санитарлық режимді нығайту және басқа да алдын алу шараларын жүзеге асыруды ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, азаматтарды азық-түлікпен және қажетті тауарлармен үздіксіз қамтамасыз ету тапсырылды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
01 Қазан 2020, 17:32
Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Жансейіт Түймебаевты қабылдады
01 Қазан 2020, 17:16
Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
01 Қазан 2020, 16:59
Үкіметте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру барысы қаралды
01 Қазан 2020, 15:46
Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовті қабылдады
30 Қыркүйек 2020, 18:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕАДБ басшысы Н. Подгузовпен Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
30 Қыркүйек 2020, 18:04
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елшілері мен тұрақты өкілдерін тағайындады
30 Қыркүйек 2020, 15:41
Қазақстан Президенті қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың және бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізді
30 Қыркүйек 2020, 15:26
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.09.2020
30 Қыркүйек 2020, 14:53
Тұтынушылардың энергетика компанияларының алдындағы дебиторлық қарызы 17 млрд теңгені құрайды — Б. Атамқұлов
30 Қыркүйек 2020, 13:15
Қазақстанда заңсыз айналымнан 98,2 мың медициналық препарат пен жарты миллионға жуық медициналық маска алынды — ҚР ІІМ
30 Қыркүйек 2020, 12:22
Қазақстанда халықтың интернет сапасын бақылауына арналған сервис іске қосылды
30 Қыркүйек 2020, 11:32
Денсаулық сақтау министрлігі 5 қазаннан басқа елдермен қосымша әуе қатынасын қайта жаңғыртуды тоқтатуды ұсынды
30 Қыркүйек 2020, 10:59
33 қазақстандық фармкомпания 922 атаумен дәрілік препарат шығарады — ҚР ИИДМ
30 Қыркүйек 2020, 10:44
2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқының 99%-ына кең жолақты интернет қолжетімді болады – А. Мамин
30 Қыркүйек 2020, 10:20
4 мыңнан астам қазақстандық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді — «СҚ-Фармация» ЖШС
30 Қыркүйек 2020, 10:17
Үкімет өңірлердің жылыту маусымына дайындығын қарастырды 
30 Қыркүйек 2020, 09:59
А. Мамин санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралардың 100% әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды
29 Қыркүйек 2020, 15:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке барды
29 Қыркүйек 2020, 15:18
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.