25.04.2024
Олжас Бектенов: Біз Түркиямен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Анкараға барды. Басты мақсат – қазақ-түрік ынтымақтастығының сапалы дамуын қамтамасыз ету және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған елдің экономикалық өсуін жеделдету жөніндегі міндетке қол жеткізу үшін жаңа перспективалы салалардағы өзара іс-қимыл әлеуетін ашу.