17 Қараша 2019, 19:42
Биыл 15 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды, онда индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуымен танысты, сондай-ақ бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралады.
Үкімет басшысы еліміздегі бірден бір метил-трет-бутил эфир және полипропилен өндірісі – «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-на, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ озық Деректерді өңдеу орталығына барды.
Премьер-Министр 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансер мен тәулігіне 100 келуге арналған емхананың құрылысы барысымен танысты.
Павлодарда ҚР Премьер-Министрі «Спорт Сити» қалашығының салыну барысымен танысты.
«Инвесторлар үйінде» А. Маминге Павлодар облысына инвестициялар тарту жұмыстары таныстырылды.
Ақсу қаласында Премьер-Министр «Еуразиялық энергетика корпорациясы» АҚ Ақсу электр станциясының реконструкцияланған №5 энергоблогына барды.
Премьер-Министр «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытында №6 цехтың №64 пешінің реновациясы барысымен танысты.
А. Мамин Ақсу қаласындағы тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын — «Ақсу» балалар эко-техно орталығын тексерді, сонымен қатар қалалық жылу қазандығының салыну барысымен танысты.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу