ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Ақмола облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
15 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып қайтты.
ҚР Премьер-Министрі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу бойынша қабылданып жатқан шаралармен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен танысты.
ҚР Үкіметінің басшысы «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС ауыл шаруашылығы машинасын жасау кәсіпорнына барды. Бүгінде зауыт жылына 1500 техника шығарады. Келешекте қуаттылықты жылына 1500-ден 5000 техникаға дейін ұлғайтып, 400-ден астам жұмыс орынын ашу көзделген.
Премьер-Министр «КАМАЗ-Инжиниринг» қазақстандық-ресейлік біріккен машина жасау кәсіпорнының жұмысын тексерді. Таяу уақытта зауытта жылына 2500 бірлікке дейін өнім шығару жоспарланған.
Сонымен қатар, Асқар Мамин «қарапайым заттар экономикасы» жобасының жұмысын қарады. «Два Кита» ЖШС жыл басынан бері 12,7 мың корпустық жиһаз шығарған. Өнім түрін кеңейтіп, өндіріс көлемін ұлғайту жоспарда бар.
Бұған қоса, Премьер-Министрге қаланың көлік және энергетика инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласының төңірегіндегі Қопа көлінің жағалауын абаттандыру жобасы таныстырылды.
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөнінде, сондай-ақ, 2020 жылы Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізуге дайындық, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарын, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру және елорда төңірегін дамыту мәселелері жөнінде жұмыс кеңесі өтті. Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз