Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №44

2019 жылғы 23-28 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Жұма күні, 27 желтоқсанда, «Ақорда» резиденциясында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың төрағалығымен Премьер-Министрдің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының, Бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, ішкі істер, ақпарат және қоғамдық даму, денсаулық сақтау министрлерінің қатысуымен Алматы әуежайы маңындағы жолаушылар ұшағының апатына байланысты шұғыл кеңес өтті.

  • Сол күні ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен «Bek Air» әуе компаниясының ұшағының құлау себептерін тергеу бойынша Үкіметтік комиссияның отырысы өткізілді. Үкімет басшысы ұшақ апатының себептерін жан-жақты тергеп, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды. 

  • ҚР Үкіметінің кезекті отырысында Қазақстанның Экологиялық кодексінің жаңа редакциядағы жобасы мақұлданды. Бұдан өзге, ауа-райының қолайсыздығына байланысты автожолдардағы жағдай және «қарапайым заттар экономикасын», жергілікті қамтуды және импортты алмастыруды дамыту мәселелері қаралды. 

  • Сейсенбі күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің қатысуымен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен Far Eastern Electronic Toll Collection Co., LTD компаниясы және қазақстандық «Computer Vision Technologies» ЖШС Консорциумы арасында инвестициялық шартқа қол қойылды.

  • Сәрсенбі күні ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде кеңес өтті.

  • 26 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша берген тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету аясында Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды.

  • Өңірде Үкімет басшысы «ЕвроХим» МХК» АҚ минералды тыңайтқыштарды шығаратын зауытты салу және пайдалануға беру туралы инвестициялық келісімге қол қою рәсіміне және «Сәуле» кондитерлік фабрикасының 3-ші өндірістік желісінің іске қосылуына қатысты. Сондай-ақ, Премьер-Министр Жаңатас жел электр станциясының құрылысы жобасымен танысты, 2020-2022 жылдары салынатын «Qazaqsoda» ЖШС кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт құрылысына дайындық барысын қарады, «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытын аралап, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені жанындағы Облыстық тарихи-өлкетану музейіне және Көркемөнер галереясына барды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу