Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №103

2024 жылғы 1-7 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сәрсенбі, 3 қаңтар күні Үкіметте өткен жаңа жылдағы алғашқы жұмыс кеңесінде қолайсыз ауа-райында қолжетімді көлік қатынасын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Елімізде рейстердің ұзақ мерзімді кешігу қаупін азайту мақсатында әуекомпаниялар мен әуежайлар арасындағы үйлестіру күшейтіледі. Күрделі метеожағдайларда жолаушыларды тасымалдау үшін іс-қимыл алгоритмін әзірлеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ әуежайларды арнайы техникамен және құрал-жабдықтармен қосымша жарақтандыру мәселелері пысықталатын болады. Әлихан Смайылов бірқатар тапсырма берді, атап айтқанда, барлық үйлестіру штабының жұмысын жандандыруды, көлік жолдары мен елді мекендердегі көшелерді қардан тәулік бойы тазартып отыруды, сондай-ақ жолаушыларды жылыту бекеттеріне шұғыл эвакуациялау үшін көлік құралдарының қорын қалыптастыруды талап етті.

  • Бейсенбі, 4 қаңтарда ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен кеңесте 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Үкіметтің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарлары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін кеңейтілген отырысқа дайындық мәселелері қаралды. Мемлекет басшысының Жолдауларында және сайлауалды бағдарламасында белгіленген реформаларды жалғастыру аясында экономиканы одан әрі өсіруді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

  • Жұма, 5 қаңтар күні ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің 7-ші отырысы өтті.  Орталық мемлекеттік органдардың басшылары, БҰҰ, БҰҰДБ және Еуропалық Одақ өкілдері БҰҰ-ның ТДМ саласындағы Қазақстанның ұлттық индикаторларын өзектендіру мәселелерін талқылады. Үйлестіру кеңесі 2024 жылға арналған ТДМ-ны іске асыру жөніндегі шаралар жоспарын бекітті. Әлихан Смайылов мемлекеттік органдарға оның уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

  • Сол күні Энергетикалық кеңес отырысында ішкі нарыққа тұрақты түрде газ жеткізу, мұнайды магистралды құбырлар арқылы тұрақты түрде және апатсыз тасымалдау, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды кеңейту және жаңғырту мәселелері қаралды. Премьер-Министр мемлекеттік органдарға жұмыс бабындағы бірқатар тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу