Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №104

2023 жылғы 8-14 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі, 9 қаңтарда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің жаңа жылдағы бірінші отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, 2023 жылдың қорытындысына сай инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты болды. Профилактикалық шаралардың нәтижесінде 20 инфекциялық ауру, оның ішінде оба, тырысқақ, полиомиелит тіркелген жоқ.

  • Әлихан Смайылов қызылшаға қарсы вакциналау жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ басқа да профилактикалық екпелермен вакциналауды жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ Үкімет басшысы медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыра отырып, әсіресе ауылдық жерлерге жеткізу кезінде вакциналарды сақтау мен тасымалдаудың тиісті режимін қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

  • Сонымен қатар Үкімет отырысында Қазақстан өңірлерінің су тасқыны кезеңіне дайындығы қаралды. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық басталғанын жеткізді. 

  • Премьер-Министр ақпан айында «Көктем-2024» оқу-жаттығуларын өткізіп, су тасқыны жағдайы қиындаған кезде нақты іс-қимыл алгоритмін пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың жағдайына ерекше назар аудару керек. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар нысандарда, коммуналдық және жекеменшік су қоймалары мен бөгеттерде жөндеу жұмыстарын жандандыру қажет.

  • Одан кейін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов журналистердің сұрақтарына жауап берді.

  • Сондай-ақ Үкімет үйінде ҚР-да жалпыға бірдей декларациялауды түсіндіру мақсатында бойынша брифинг өтті. Спикерлер қатарында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, Ұлттық банктің Төлем жүйелері департаменті директорының орынбасары Әсем Мадиярова, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов болды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу