Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №33

2022 жылғы 29 тамыз бен 4 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жариялады.

  • Сенбі, 3 қыркүйекте, Үкімет отырысын өткізді, онда Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Әлихан Смайылов бірқатар тапсырма берді, оның ішінде Үкімет, министрліктер мен әкімдіктер арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату бойынша жаңа ұсыныстар топтамасын дайындау тапсырылды.

  • Сәрсенбі, 3 тамызда, ҚР Премьер-Министрі Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысын өткізді. Онда өңірдің жаңа басшысы таңдалды. Жаңа әкім Дархан Сатыбалдыны таныстыра отырып, Әлихан Смайылов өңір басшылығының алдына азаматтардың әл-ауқатын арттыру, туризмді, агроөнеркәсіп кешенін және басқа да салаларды дамыту бойынша міндеттер қойылғанын атап өтті.

  • Сол күні Әлихан Смайылов Ақтөбе қаласына келді, онда Ақтөбе облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты. Одан кейін Үкімет басшысы өңір активіне жаңа басшы – Ералы Тоғжановты таныстырды.

  • Жұма, 2 қыркүйекте, Жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Атырау облысының кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес қорытындысы бойынша Үкімет басшысы бірқатар тапсырма берді, оның ішінде Атырау және Маңғыстау облыстарын Көкжиде жерасты тұщы су қорынан сумен жабдықтау жобасын іске асыруға техникалық құжаттама дайындауды жеделдету бар.

  • Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ компаниясының құрылғанына 100 жыл толуына орайластырылған салтанатты жиынға қатысты. Онда Үкімет басшысы 25 ардагер мен сала қызметкеріне түрлі мемлекеттік наградаларды табыстады.

  • Сенбі, 3 қыркүйекте, ҚР Премьер-Министрі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымына жаңа басшы Дархан Қыдырәліні таныстырды.

  • Жексенбі, 4 қыркүйекте, Әлихан Смайылов Қостанай облысындағы алапат табиғи өрттердің салдарын жою мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді. Премьер-Министр Төтенше жағдайлар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрліктеріне және Қостанай облысының әкімдігіне тұрғындар мен ауыл шаруашылығына келтірілген залалды бағалауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу