Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67

2023 жылғы 24-30 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Дүйсенбі, 24 сәуірде Үкіметте Мемлекет басшысының 19 сәуірдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралды.

  • Сондай-ақ осы күні Астанаға Чехия Премьер-Министрі Петр Фиала ресми сапармен келді. Мұнда онымен қазақ-чех ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

  • Астанада Қазақстан-Чехия бизнес-форумы өтті, жиын қорытындысы бойынша жалпы құны €230 млн құрайтын бірқатар өзара тиімді құжаттарға қол қойылды.

  • Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жеке меншікке берудің заңдылығы мәселелері талқыланды.

  • Сейсенбі күні Үкімет отырысы өтті. Отырыста бірінші кезекте «Қолжетімді интернет» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру жоспарлары, екінші — 2023-2024 жылдарға арналған инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі өзектендірілген шаралар кешені қаралды.
  • 26 сәуірде отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында адами капиталды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр ЖОО мен колледждердің оқу бағдарламасы Қазақстан экономикасының қажеттіліктеріне сай болуы тиіс екенін атап өтті. 
  • Сол күні Әлихан Смайылов CNPC вице-президенті Хуан Юнчжанмен кездесу өткізді. Тараптар энергетика саласындағы жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

  • Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында 5 мыңнан астам жұмыс орнын ашу арқылы жаңа жобаларды іске асыру, машина жасауда локализациялауды кеңейту және қалалардағы ағынды суларды тазарту деңгейін 78%-дан 89%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік беретін 24 кәріздік тазарту құрылысын салу жоспарлары қарастырылды.

  • Сондай-ақ сәрсенбіде Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Иран Ислам Республикасына ресми сапары барысында ИИР Бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбермен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ Иран Президенті Ибрахим Раисимен кездесті.

  • Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша ұсыныстар мен ҚР азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды.

  • Жұма күні Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен кездесті. Тараптар сауда-экономика саласындағы қазіргі жағдайды және энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, экология салаларындағы қарым-қатынастарды нығайту перспективаларын және басқа да мәселелерді талқылады.

  • Ал сенбі, 29 сәуірде Әлихан Смайылов Үкімет Аппаратының қызметкерлерімен бірге «Жасыл Астана» жалпықалалық экологиялық сенбілікке қатысты. Онда қарағай, балқарағай, қайың, қарақат сияқты 120-ға жуық көшет отырғызылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу