Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68

2020 жылғы 29 маусым мен 5 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Дүйсенбі күні Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бейне байланыс режимі арқылы Үкімет мүшелері, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы Үкіметті шұғыл шаралар қабылдаумен қатар, коронавирус пандемиясының ұзаққа созылуына дайын болуға шақырды. Осыған байланысты орта мерзімді перспективаға арналған Қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі ұлттық жоспарын әзірлеуді тапсырды.

  • Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында Цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту мәселелері және көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі шаралар қаралды. Үкімет басшысы «Цифрлық білім» ауқымды жобасының іске қосылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар цифрлық дағдыларға оқыту, АT мамандарын даярлау және қайта даярлау бойынша бағдарламаларды әзірлеу қажет екені аталып өтті. Екінші мәселені қарау барысында Асқар Мамин мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру, артық талаптарды қысқарту, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, әкімшілік кедергілерді азайту, нақты әкімшілік салық салу арқылы бизнестің көлеңкелі сектордан шығуын экономикалық ынталандыру жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

  • ҚР Премьер-Министрі бейне байланыс режимінде Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді. Отырыс барысында Кеңес ЕАДБ Цифрлық бастамалар қоры туралы ережені бекітті. Жаңа Қордың мақсаты — жобаларды әзірлеуге және қаржыландыруға қатысу және ақпараттық ресурстарды интеграциялау арқылы цифрлық трансформация құралдары мен тәжірибелерін қалыптастыруға Банкке қатысушы елдерге көмек көрсету.

  • ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды. Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу