Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72

2020 жылғы 3-9 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні кезекті Үкімет отырысында эпидемияға қарсы шаралардың іске асырылу барысы және жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуына дайындық мәселесі қаралды. Бірінші мәселені қарастыру кезінде Премьер-Министр күзде пайда болуы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайын болу керектігін, әрі оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін атап айтты. Екінші мәселе бойынша Асқар Мамин осы жылдың 25 тамызына дейін оқушылар мен педагогтердің оқу жылының қашықтан басталуына толық дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды
  • Сәрсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы «СҚ-Фармация» логистикалық хабына барып, онда COVID-19-дан емдеуге арналған дәрілердің бар-жоғымен және ҚР денсаулық сақтау мекемелерін медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. Премьер-Министр өңірлерге дәрі-дәрмектердің тиелуін ерекше бақылауға алуды, күзгі-қысқы маусымда COVID-19-дан емдеу үшін барлық қажетті медициналық препараттардың болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
  • Жұма күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Жобалық офистің  отырысын өткізді. Реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту мақсатында өңірлердің әкімдіктеріне, «Самұрық-Қазына» Қорына нақты жүргізілген сатып алулар бойынша толық есеп беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті қамту жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын жандандыруды тапсырылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу