09 Шілде 2023, 12:01
2023 жылғы 3-9 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
Сейсенбі, 4 шілдеде, Үкімет отырысы өтті. Бірінші мәселе ретінде вегетациялық кезеңнен өту және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі қаралды. Екінші мәселе ретінде Қазақстандағы бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар қаралды.
Сол күні Премьер-Министр Әлихан Смайылов Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) және Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болған апаттардың себептерін анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.
Келесі күні Ә. Смайылов Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы (МАЭК) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексеру үшін Маңғыстау облысына қарай жол тартты. Еске сала кетейік, 3 шілдеде №1 энергетикалық блок апатты жағдайда тоқтап қалды.
Сол күні жұмыс сапары аясында Премьер-Министр өңірді сумен қосымша жабдықтатын «Каспий» тұщыландыру зауытын кеңейту жобасымен танысты.
Одан кейін Ә. Смайылов бастаған үкіметтік топ Атырау мұнай өңдеу зауытындағы (АМӨЗ) ағымдағы жағдаймен және зауыт жұмысын қалпына келтіру барысын тексеру үшін Атырауға барды.
Сонымен қатар Атырауда Премьер-Министр «KPI Inc.» ЖШС полипропилен өндіру кешенінің жұмысымен танысты.
Ал сенбі, 8 шілдеде, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Республикалық штаб өтті. Онда қолайлы оқу жағдайлары бар 1,5 млн оқушы орнын енгізу мәселесі қаралды.
Сондай-ақ осы күні Үкімет басшысы «Астана – мәдениет керуені» I халықаралық әскери-музыкалық фестивалінің қорытынды гала-концертіне қатысты.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу