Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №84

2023 жылғы 21-27 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі, 22 тамызда ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті, онда егін жинау науқанына дайындық және жемшөппен қамтамасыз ету барысы, сондай-ақ алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Бірінші мәселе бойынша Үкімет басшысы астықты дер кезінде тасымалдап, сақтау орындарын дайындау бойынша жұмысты уақтылы жүргізу, сондай-ақ тұрақты бағаны сақтай отырып, жемшөп қорын сапалы дайындау бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Екінші мәселе бойынша тиісті тәртіппен 2 апта мерзімде көмірді дайындау және өткізу пункттерінің жағдайына, оның сапасына, жеткізу кестелеріне, бағалардың негізділігіне тексеру жүргізу тапсырылды.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен China National Machinery Import & Export Corporation (CMC) вице-президенті Чжао Чжэнсян энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Үкімет басшысы Қазақстан таяу жылдары энергетикалық жүйені біріктіруді аяқтап, экономика мен халықтың электр энергияға қажеттілігін толық қамтуды жоспарлап отырғанын атап өтті. 

  • Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді. Жиынға қатысушылар Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына жаңа активтер енгізу, сондай-ақ одан бірқатар коммуналдық меншік ұйымдарын алып тастау мәселелерін талқылады.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен келіссөз жүргізді. Тараптар республиканың көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға, Арал теңізі өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға, цифрландыруды жеделдетуге және т.б. бағытталған перспективалы жобаларды іске асыруды егжей-тегжейлі талқылады.

  • Сәрсенбі, 23 тамызда Әлихан Смайылов республиканың орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізуді жалғастыруда. 23 тамызда өткен шарада Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстары кәсіпкерлерінің өзекті мәселелері талқыланды. Премьер-Министр Үкімет жұмысы дамыған кәсіпкерлікке негізделген әртараптандырылған экономика құруға бағытталғанын атап өтті.

  • 24 тамыз, жұма күні Әлихан Смайылов Цахкадзор қаласында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің Үкімет басшыларының қатысуымен өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысына қатысты. Онда ЕАЭО-дағы интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлар талқыланды. Әлихан Смайылов Қазақстан Еуразиялық экономикалық жобаның дамуы экономикалық прагматизмге негізделуі керек деп санайтынын айтты. Осыған байланысты республика Еуразиялық экономикалық одақтың одан әрі даму жолдарын көрсететін Декларация жобасын әзірледі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу