Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №92

2023 жылғы 16-22 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі, 17 қазанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары қаралды. Үкімет басшысы өңірлерде құрылып жатқан жұмыс орындарының сапасын арттыру қажеттігін, атап айтқанда, мемлекеттік қолдау аясында ғана емес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен жеке инвесторлар арқылы да жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Екінші мәселе бойынша Премьер-Министр 2025 жылға дейін әр облыста балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтарын ашу жоспарын әзірлеп, бекітуді, жаңа отбасын қолдау орталықтарын, сондай-ақ наркологиялық мекемелерді ашуды қамтамасыз етуді, психотерапевтер мен наркологтарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты ұлғайту мәселесін пысықтауды, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдатуға қатысты қабылданған түзетулер бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды

  • Сол күні, 17 қазанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Өңірде Үкімет басшысы бірінші кезекте жаңа өнеркәсіптік парктің және заманауи көпбейінді аурухана құрылысының барысымен танысты. Әлихан Смайылов сонымен қатар Кентау қаласының ЖЭО-сына барып, ондағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысымен танысты. Ол блыс әкімдігіне жылыту маусымының қалыпты өтуі үшін жабдықтардың барлығын жедел және сапалы түрде іске қоса отырып, тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

  • Сәрсенбі, 18 қазан күні Премьер-Министр Ұлттық онкологиялық ғылыми орталықтың құрылыс барысымен танысты. Қазақстан Орталық Азияда алғашқы болып онкологиялық науқастарға протон терапиясын жүргізе бастайды. Нысанның құрылысы әлі де жалғасуда. Үкімет басшысы денсаулық сақтау министрлігіне бас мердігермен бірлесіп, 2024 жылдың 1 тамызына дейін протонды терапия орталығын іске қоса отырып, нысанды пайдалануға беруді тапсырды.

  • Жұма, 20 қазан күні Үкіметте өткен кеңесте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа тиісті цифрлық шешімдер таныстырылды. Келер жылы Қазақстанда дәрі-дәрмектерді қадағалау бойынша ақпараттық жүйе мен балабақшаға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы іске қосылады. Әлихан Смайылов бұл жүйе мектепке дейінгі ұйымдардағы қосарланған кезекті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталуы керектігін атап өтті.

  • 20 қазанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді. Жиынға қатысушылар Шымкент және Алматы қалаларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, IT-саласы мен ауыл шаруашылығына арналған жабдықтарға салық салу мәселелерін, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелерді талқылады. 

  • Жұма күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту мәселесі қаралды. Әлихан Смайылов барлық құралдар мен механизмдер қарастырылғанын атап өтті. Әкімдер оларды жергілікті жерлерде дұрыс және белсенді түрде іске асыруы керек.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу