Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №85

2018 жылғы 14–19 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Өткен аптада 17–19 мамырда Астанада ХІ Астана экономикалық форумы (АЭФ) өтті.

17 мамырда Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Жаһандық сын-тегеуріндер әлемі» АЭФ пленарлық отырысына қатысты.

16 мамырда АЭФ ашылуы қарсаңында ХВҚ және Ұлттық банктің аймақтық кездесуі аясында Жоғары деңгейлі пікірталас өтті.

17 мамырда Бақытжан Сағынтаев «Жасыл экономика: тұрақты өсімнің жаңа моделі» панельдік сессиясына қатысты.

Сондай-ақ, 17 мамырда АЭФ аясында Б. Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді.

18 мамырда «Жаһандық өзгерістердің практикумы» АЭФ пленарлық отырысы өтті.

18 мамырда АЭФ аясында ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың қатысуымен Цифрландыру жөніндегі халықаралық сараптама кеңесінің екінші отырысы өтті. Бірінші отырыс биыл ақпан айында Алматыда өткен еді.

19 мамырда, форум жұмысының соңғы күнінде Стратегиялық сессия өтті, оның аясында ҚР дамытудың алты бағыты бойынша ой-талқылары өтті. Институттар мен экономикалық саясат, адам капиталын дамыту, цифрландыру және ақпараттық технологиялар, жаңа ақша және қаржы секторы, таза энергия және жасыл технологиялар, қалаларды дамыту секілді бағыттар бойынша серпінді жобалар мен шешімдерді іске асыру мәселелері талқыланды.

АЭФ аясында Бақытжан Сағынтаев танымал ғалымдар, саясаткерлер мен бизнесмендермен кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Жаһандық жасыл өсім институтының президенті Пан Ги Мун, физик және футуролог Митио Каку, саясаттанушы Параг Ханна, «Яндекс» компаниялар тобының бас директоры Аркадий Волож, «Apple» тең негізін салушы Стив Возняк, ХВҚ басқарушы директорының орынбасары Тао Чжан, Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) бірінші вице-президенті Юрген Ригтеринк және т.б.

Сонымен қатар, өткен аптада ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда 2018 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы, IV деңгейдегі бюджет пен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін енгізу барысы, 2017–2018 жылғы жылу беру маусымының өту қорытындысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды.

 

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу