24 Желтоқсан 2018, 03:00
2018 жылғы 17–22 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
19 желтоқсан күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Онда Үкіметтің 2018 жылға арналған заңнамалық жұмыстары жоспарының орындалуы мен келер жылға арналған жұмыстардың жобасы қаралды.
Сол күні Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс аясында Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасының 2013–2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы қаралып, сондай-ақ, Кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс кестесі бекітілді.
20 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында ел экономикасының салаларын дамытудың 2018 жылдағы қорытындылары, келесі жылға арналған болжамдар мен міндеттер, сондай-ақ салық және қаржы есептіліктерінің формаларын одан әрі жеңілдету шаралары талқыланды.
Бейсенбі күні Үкімет үйінде Үкіметтік кеңестің отырысында еліміздегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мәселелері талқыланып, инвестициялық заңнаманы жетілдіруге бағытталған заңнамалық өзгерістер пакетінің жаңа тәсілдерінің презентациясы өтті.
Еліміздің инвестициялық саясаты тақырыбының жалғасы ретінде «Kazakh Invest» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.
Жұма күні, 21 желтоқсанда, Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Сапардың мақсаты — «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауларының, «Бес әлеуметтік бастаманың», сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысу болды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу