Астана қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны  697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында.
Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін. 

Жағрапиясы

Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Қала аймағының жер-бедері тегістелген. Қаланың климаты шұғыл континеттік. Астана қаласындағы негізгі әрі маңызды сулы артериясы Есіл өзені болып табылады, және оның екі арнасы Сарыбұлақ пен  Ақбұлақ.

Астанадан 25-30 шақырым радиуста тұщы және ащы көлдер көп. Қала аумағы – 71 мың га.

Табиғаты

Қоңыржай шұғыл континеттік. Жазы ыстық әрі құрғақ, қысы аязды әрі ұзақ. Жылдық орта температурасы 3,1 °C. Жылдық жауын-шашын көлемі 300 мм. Жаздың ыстығы 40 °C –тан асып кете алса, қыстың суығы – 50 °C-қа дейін төмендейді. Қысының суығы сібір аязына таяса, жаздыгүні Орта Азияның ыстық қапырығы байқалады.

Халқы

2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, қаланың халық саны 697,3 мың адамды құрайды. 2009 жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады – бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Қалаға жасалған миграциялық толқындар негізінен Қазақстанның өзге аймақтарынан болады. Астана адам капиталын тарту жағынан және тұрғындарының табысы жағынан елдегі көшбасшы қала болып келеді. Ұлттық құрамы: қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, армяндар, әзірбайжандар, еврейлер, белорустар, грузиндер, молдавандар, тәжіктер, өзбектер және т.б.

Қазақстан астанасының тарихы

Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.

Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.

Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.

Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне  келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты.  Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.

Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.

Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.

Экономика

Қаланың экономикасының негізін құрайтындар: сауда, көлік, байланыс және  құрылыс. Қазақстан экономикасының сауда саласындағы жалпы өнімге салатын үлесі жағынан  Астана еліміздегі маңызы бар облыстар мен қалалар   арасында Алматыдан кейінгі  екінші орынды алады. Астана және Алматы қалаларының біріккен аймақтық  өнімі Қазақстанның сауда саласының тең жартысын алып отыр. Сондай-ақ, бөлшек сауда айналымы бойынша Астана еліміз бойынша екінші орында тұр. Астана республикада құрылыс жағынан да алға озып келеді. 2009 жылы елде пайдалануға берілген құрылыс нысандарының бестен бір бөлігі осы өңірдің үлесіне тиеді. Соңғы бес жыл көлемінде қолдануға берілген үйлердің көлемі бойынша да Астана алда келе жатыр.

Қаланың өндірістік әлеуеті негізінен құрылыс бұйымдарын, тамақ өнімдері/сусындар және машина жасау салаларына бағытталған. Астана Қазақстан бойынша құрылысқа арналған темір бұйымдарын, бетон, қолдануға дайын бетон, бетоннан жасалған заттар шығару жағынан жетекші орынды алады. Сонымен бірге, құрылысқа арналған темір құрылғылар, радиатор,  орталық жылу қазандық, көтергіш-көлік құрылғыларын жасау жағынан да басым үлеске ие.

Қаланың жалпы аймақтық өнімінің 22 пайызын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері толықтырып отыр.

Инвесторларды тарту және бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындар ашу үшін қалада "Астана – жаңа қала» атты арнайы экономикалық белдеу (АЭБ) құрылған. АЭБ негізінде салық және кедендік жеңілдіктер қарастыратын құқықтық тәртіп енгізілген. АЭБ аймағында әртүрлі бағыттағы бағдарламалар жұмыс істейді. Қаланың дамуы өндірістің жаңа әрі ірі көлемі бойынша бәсекеге қабілетті экономика құруға, оның ішінде қаланың жалпы аймақтық өнімі мен туризм саласын дамытуға мүмкіндік беретін шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын дамытуға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №67 Бұйрығымен  2006 жылдың 17 наурызынан бастап  2003 жылға дейін қаланың  тұрақты дамыту стратегиялық жоспары бекітілген. Аталған жоспарды қаланы тұрақты дамыту орталығы жүзеге асырды.

Мәдениеті

Сондай-ақ, қалада бес жоғарғы оқу орны, Ақмола облыстық филармониясы, мұражай (тарихи-аймақтану мұражайы, қолданбалы өнер мұражайы), театрлар (К.Бәйсейтова атындағы ұлттық опера және балет театры, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драмалық театры, М.Горький атындағы орыс драмалық театры), кітапханалар жұмыс істейді.

Қаланың мәдени-ағарту орындарына, сонымен бірге, Конгресс-холл, Жастар сарайы, Президенттің Мәдениет Орталығы, «Шабыт» шығармашылық сарайы,  Бейбітшілік және келісім сарайын жатқызуға болады. Бәйтерек монументі қаланың басты символы болып саналады.

Қалалық геральдикалар

2008 жылдың 5 маусымында қалалық мәслихаттың 16-шы кезектен тыс сессиясында Қазақстан астанасының  жаңа елтаңбасы мен туы белгіленді.

Аталған елтаңбаның тұжырымдамасы мен сызбасының авторы болып Президент Нұрсұлтан Назарбаев саналады.

Елтаңбаның негізіне кемелдік пен мәңгіліктің белгісі ретінде шеңбер қойылған. Орталық элементі ретінде екі басты символ–Бәйтерек пен шаңырақ біріктіріліп көрсетілген. Ондағы суреттер жаңа Қазақстанның даму бағыттарынан хабар беріп тұр. Сонымен бірге, Бәйтеректің негізіне «құс қанаттары» орнаменттері қойылған. Ол аңыздағы Самұрық құсының бейнесінде әзірленген. Елтаңба екі сақинаға бөлінген. Оның сыртқы бөлігі  Ұлы даланың терең тарихынан сыр тартады. Көшпенді халық соғыс белгісі ретінде қызыл түсті таңдаған. Сондай-ақ, қызыл түс туылу, өсу және даму деген түсініктермен астасып жатыр. Сақинаның жиектері «бөрі көз» орнаменттерімен безендірілген. Бұл көшпенді халқымыздың көк бөрі ұрпақтары екендігін әйгілеп тұр.

Ішкі сақинадан тәуелсіз Қазақстан  және Астана қаласының жаңа символдарын көруге болады. Аспан түстес ішкі сақина еліміздің көк байрағын көзге елестетеді. Оның жиегіне жүргізілген жасыл түсті орнамент көктемгі молшылық пен жастықтың нышаны ретінде таңдалған.

Аталған көркемдік шешімдер жаңа Қазақстан   және Астана қаласының гүлденуі мен дамуын білдіреді.

Қаланың көрнекті жерлері

  • Сулы-Жасыл бульвар–Астананың жаңа алаңындағы көше
  • Ақ Орда–Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы
  • Бәйтерек монументі – Астананың символы және басты көрікті жері
  • Тәуелсіздік  сарайы – дипломатиялық және басқа да халықаралық маңызды кездесулер өткізетін орын
  • Бейбітшілік және келісім сарайы – әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының конгрессі өтетін жер
  • Хан Шатыр –  ірі сауда, ойын-сауық орталығы
  • «Шабыт» шығармашылық сарайы – қаланың мәдениет және өнер орталығы
  • «Қазақ елі» монументі – Қазақстан Тәуелсіздігінің символы

 

 

 

Спорт

2011 жылдың 30 қаңтарынан 6 ақпанға дейін Астана және Алматы қалаларында 7-Қысқы Азиада ойындары өтті.

Ірі спорттық кешендер

  • «Астана-Арена» стадионы – 30 000 орынға арналған
  • Республикалық велотрек (Қазақстан) – 8 000 орынға арналған
  • Жабық конькиймен сырғанау стадионы – 8 773 орынға арналған
  • «Қазақстан» спорт сарайы – 4 050 орынға арналған, 1 000 тұрып тұруға арналған орын 

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты