3 қараша күні Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды. Құжаттың негізгі бағыттары туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.
Сонымен қатар халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары қаралды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мемлекет басшысының Жолдауларында айқындалған қазақстандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту, дәрілік заттардың түрлері мен көлемін ұлғайту жөніндегі стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру аясында министрлік атқарып жатқан жүйелі жұмыстар туралы айтып берді. Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз