ҚР Үкіметінің отырысы, 10.10.2023

10 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды.

  • Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев және ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов баяндама жасады.

  • Премьер-Министр экономиканың барлық саласында өсу қарқынын арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

  • Сонымен қатар Үкімет отырысында жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов баяндама жасады. Жергілікті жерлердегі ахуал туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және ШҚО басшысы Ермек Көшербаев айтып берді.

  • Әлихан Смайылов үйлерде газ датчиктерін орнату жұмыстарын және жеке тұрғын үй секторына рейдтерді күшейту қажеттігін атап өтті.

  • Сондай-ақ Үкімет отырысында еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері талқыланды. Қарастырылып отырған тақырып бойынша оқу-ағарту минситрі Ғани Бейсембаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды және Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев баяндама жасады.

  • Үкімет басшысы Оқу-ағарту министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу