Б. Темірболат М. Жақыповтың орнына ҚР Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысы ҚР Президенті Әкімшілігінде кадрлық өзгерістер жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Басқа өкіммен Мирболат Жақыпов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

 

Жақыпов Мирболат Хабиұлы 1955 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1972-1977 жылдары Мәскеу мемлекеттік тарихи-мұрағат институтының «құжаттану және мемлекеттік мекемелерде басқару қызметін ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқып бітірді.

1977 жылдан 1989 жылға дейін Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы Баспасөзде мемлекеттік құпияларды сақтау жөніндегі Бас басқармасының редакторы, бөлім бастығы, коллегия мүшесі қызметін атқарды.

1989-1990 жылдары – Қазақстан Компартиясының Алматы қаласы Фрунзе ауданының аудандық комитетінің жалпы бөлімінің нұсқаушысы.

1990 жылдан 1991 жылға дейін – Қазақ ССР-ның Президенті Аппаратының, 1991-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бірінші категориясының маманы, референті, сектор меңгерушісі, Жалпы бөлімнің меңгерушісінің орынбасары.

2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі Басшысының бірінші орынбасары.

2004 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі.

2008 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

2008 жылғы қазаннан 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Наградалар мен медальдар: «Құрмет» ордені (2006 ж.), «Ерең еңбегі үшін» медалі (2001 ж.), 8 мерейтойлық медалі, ҚР Президентінің Алғысы (2003, 2005 жж.), ҚР Кәсіподақтары Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісі (2008 ж.), Қазталов ауданының құрметті азаматы (2010 ж.).

«Қазіргі заманның іс жүргізу анықтамалығы» оқу құралының, газеттер мен журналдардағы көптеген мақалаларының авторы. «Құжат айналымы мәселелері – Вопросы документооборота» журналының редакциялық кеңесінің төрағасы, «Қазақстан мұрағаттары» журналының редакциялық кеңесінің мүшесі.

 

Бақытжан Берікбайұлы Темірболат 1972 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылы «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі мүдделердің саяси өкілдігі: эволюция және қазіргі заман (ҚР мысалында)» тақырыбы бойынша саяси ғылымдар кандидатының ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны қорғады.

1998 жылдан 2007 жылға дейін — Президент Әкімшілігінде және ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында түрлі қызметтер атқарған;

2007 жылдан 2018 жылға дейін — ҚР Президенті Кеңсесі басшысының орынбасары;

Үш кітаптан тұратын «ҚР Парламенті: қалыптасуы, реформалардағы рөлі, перспективалары» басылымының (2004 ж.), «Азиатский прорыв» (2005 ж.), 1990–2014 жж. кезеңдегі 20 томдық «ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қызметінің хроникасы» топтамасының (2009−2014 жж.) бірлескен авторы, сондай-ақ көптеген ғылыми мақалалардың авторы.   

«Құрмет» орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Читать на primeminister.kz

Рекомендуемые новости