Төтенше жағдайлар министрі

Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов

1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, РФ Азаматтық қорғаныс істері министрлігі Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінде бас маман болып бастады.

2006 жылдан 2014 жылға дейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2014–2017 жылдары — Маңғыстау облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет бөлімінің бастығы, Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы.

2017–2020 жылдары — Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

2020–2023 жылдары — Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2023–2024 жылдары — ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы.

2024-2026 жылдары ҚР ТЖМ Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.

2026 жылғы маусымнан бастап ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы

2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу