Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Үкімет отырысында 24 қаңтарда мемлекет және ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары қарастырылады

23 қаңтар 2017, 15:20

Ертең, сағат 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – мемлекет және үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары және көмір өнеркәсібін дамыту.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Отырыс қорытындысы бойынша дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаев пен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.