Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Дүниежүзілік банк Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қаржы салуға дайын екенін жеткізді

04 қазан 2018, 11:28
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметінде Дүниежүзілік банк өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында етті мал шаруашылығы және қой шаруашылығы салаларын дамыту келешегі талқыланды.

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун банктің 2017 жылы өткізген Қазақстандағы жекеменшік сектордың қорытынды диагностикалық шолуын талқылауды ұсынды.

Ол мал шаруашылығының дәстүрлі салаларын дамытудың маңыздылығын атап өтті: бұл — Ресей мен Қытайда ет тұтынудың үлкен нарықтарының болуына орай етті мал шаруашылығын және қой шаруашылығын, еркін жайылым ресурстары мен адам әлеуетін дамыту.

Дүниежүзілік банк сарапшылары ет секторын дамыту және экспорттық әлеуетті арттыру үшін мал шаруашылығы өнімдерін қадағалау жүйесін құру жөніндегі тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Дүниежүзілік банктің қолдауымен мұндай жүйелер Уругвай мен Бразилияда құрылған.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге Уругвайдың бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы бағытындағы жетекші кеңесшісі Табаре Агуэрра қатысты. Ол Уругвайдағы етті мал шаруашылығы секторын дамыту және экспорттық нарықтарға шығу аясындағы тәжірибесімен бөлісті. Қазіргі уақытта әлемдік нарықтағы экспортталатын сиыр етінің 10%-ы Уругвайдың үлесіне тиесілі. Оның айтуынша, кіші отбасылық шаруа қожалықтарын дамыту бұл салаға жақсы көрсеткіштер береді.  

Дүниежүзілік банк сарапшылары ҚР Үкіметінің етті мал шаруашылығын дамыту бағытындағы, сондай-ақ, фермерлік шаруашылықтарды дамытуға қолдау көрсету бойынша атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалады.

Жиын қорытындысы бойынша Дүниежүзілік банк өкілдері Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қаржы бөлуге дайын екенін жеткізді.

Қолдау туралы меморандум аясында қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай нарықтарына жеткізуді ілгерілетуге бағытталған бірлескен шараларды іске асыру жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Дүниежүзілік банк Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қаржы салуға дайын екенін жеткізді
1/6
Дүниежүзілік банк Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қаржы салуға дайын екенін жеткізді
2/6
Дүниежүзілік банк Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қаржы салуға дайын екенін жеткізді
3/6
Дүниежүзілік банк Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қаржы салуға дайын екенін жеткізді
4/6
Дүниежүзілік банк Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қаржы салуға дайын екенін жеткізді
5/6
Дүниежүзілік банк Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қаржы салуға дайын екенін жеткізді
6/6