Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанда латын әліпбиіне көшу бағдарламасы қабылданды - ҚР МСМ

30 қаңтар 2015, 18:23

Латын жазуына көшу бағдарламасы қабылданды, деп мәлімдеді бүгін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ОКҚ брифингінде.

«Латын жазуына көшу бағдарламасы қабылданды және кестеге сәйкес жүргізіледі», - деді А.Мұхамедиұлы.

Министр түсіндіріп өткендей, мәселе білім беру саласына қатысты және аталған үдерісті жеделдетудің қажеті жоқ, себебі қажетті жағдай әлі жасалмаған. 

«Қазір, әрине, ғалымдар бұл мәселені жан-жақты зерттеу үстінде. Латын жазуын қазіргі қолданыстағы клавиатура аясында енгізу ұсынылды. Алайда, біздің ұлттық дыбыстық құндылықтарымыз қосымша шешімдерді қажет етеді. Бұл оңай емес, себебі бізге халықаралық қауымдастыққа табиғи түрде интеграциялану қажет», - деп баса айтты ол.