Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда МЖӘ жобалары бойынша инвесторлармен жұмыс жасау үшін «бір терезе» қағидаты енгізілді

Сейсенбі, 22 Қазан 2019, 11:43:04

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері туралы баяндады. 

ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«1 қазандағы жағдай бойынша МЖӘ жобаларының жалпы саны – 1 253, сомасы – 3,5 трлн теңге. Оның ішінде 1,6 трлн теңгеге 615 келісімшарт жасалды. 1,9 трлн теңге сомасындағы 638 жоба дайындық сатысында», — деді Р. Дәленов.

ҚР ҰЭМ басшысы атап өткендей, көптеген жобалар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларына тиесілі.

Көп қаражатты қажет ететін жобалар көлік және инфрақұрылым, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім беру, мәдениет және спорт саласында.

Биылғы мамырда саннан сапаға көшу мақсатында МЖӘ жобаларын санаттарға бөлу енгізілді. МЖӘ жобалары бюджеттен өтеу бойынша шартты түрде 3 санатқа бөлінді:

I санат – жеке әріптестің инвестициялары мен операциялық шығындарын бюджеттен толықтай өтеу.

II санат – бюджет есебінен инвестицияларды ішінара өтеу.

III санат – бюджеттен өтеусіз. Өтеу негізінен нарық есебінен орындалады.

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Министрлік қабылдаған жергілікті жердегі жобалардың сапасын үйлестіру мен бақылау шараларына назар аударды. Бұлар: 

  • ЖАО өтеу лимиттері;

  • жоспарланған жобаларды мониторингілеу;

  • жобалардағы маржаны бақылау;

  • жасалған және жоспарланған жобалардың қолжетімділігі мен айқындығы.

Министрліктің деректері бойынша, МЖӘ жобаларына жеке инвестиция тартуға қолайлы жағдай туғызу үшін мынадай жаңа шаралар ұсынылады:

1. МЖӘ «бірыңғай терезесі»;

2. «Пакеттік шешімдер»;

3. «Қайтарымды» МЖӘ;

4. МЖӘ процестерін цифрландыру.

Экономикалық ведомство осы жаңалықтарды іске асыру үшін заң жобасының тұжырымдамасын жасап, заңнамалық түзетулер жобасын дайындауда.

Бүгінгі күні МЖӘ орталығы базасында МЖӘ жобалары бойынша «бір терезе» құрылды. «Бір терезе» офисінің міндеті – инвесторлармен өзара іс-қимыл, МЖӘ жобалары бойынша ақпараттық-консультациялық сүйемелдеу, сондай-ақ МЖӘ және концессия саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру. 

Қазіргі уақытта МЖӘ орталығының сайтында инвесторлар үшін жобалар базасы және МЖӘ мен концессиялар жөніндегі заңнамаларға сілтемелер орналастырылған «Бір терезе» жеке қойындысы жұмыс істеуде. Инвесторлар жоспарланып жатқан болсын, іске асырылып жатқан жобалар болсын, өздерін қызықтырған кез келген ақпаратты өз бетінше ала алады.

«МЖӘ-ні одан әрі жетілдіру мақсатында барлық рәсімдерді электрондық форматқа көшіру ұсынылып отыр. МЖӘ шарттарын жоспарлау, тендерлік рәсімдеу, әзірлеу, тіркеу мен орындау үдерісі цифрландыру мақсатында электрондық форматқа көшіріледі. Бұл жұмыстарды мемлекеттік тапсырыстар порталымен біріктіру көзделуде», — деп түйіндеді ұлттық экономика министрі. 

ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов 2016-2019 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласына салынған инвестициялар жылдық орташа 31% өсумен екі еседен астам өсті. Бұл ретте жеке инвестициялардың орташа жылдық өсуі 33%-ды құрады.

Жергілікті атқарушы органдар денсаулық сақтау саласында 58,9 млрд теңге сомасына 127 МЖӘ келісімшартын жасады.

Қол қойылға МЖӘ келісімшарттары аясында тартылған инвестициялар сомасы бойынша Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының және Ақтөбе облысының әкімдіктері жетекші орындарда.

Денсаулық сақтау саласында өңірлерде Нұр-Сұлтан қаласында томотерапия орталығы мен көп салалы аурухананы, Ақтөбеде офтальмологиялық орталықты құру, гемодиализ орталықтарын ашу, гемокоррекция орталығы, клиникалық-диагностикалық қызметтер ұсыну бойынша МЖӘ жобалары іске асырылды.

Үш оңалту орталығы ашылды, соның ішінде біреуі балаларға арналған, Шымкентте, Қарағандыда және Нұр-Сұлтанда үш емхана салынды.

Денсаулық сақтау министрлігі саланың 2025 жылға дейінгі қажеттіліктерін ескере отырып, МЖӘ аясында 19 мың жұмыс орнын құрумен, 838,5 млрд теңгеге республикалық деңгейде 16 ірі аурухана салуды жоспарлады.

Бүгінгі таңда Түркістан және Нұр-Сұлтан қалаларында жалпы инвестициялар көлемімен жеті МЖӘ жобасын іске асыру, Нұр-Сұлтан қаласында «DARU» оңалту орталығын және Алматы және Қарағанды қалаларында үш университеттік клиника салу жұмыстары басталған. Әлеуетті инвесторлар бар және жеке қаржылық бастамаға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Бұған қоса, министрлік шамамен 400 млрд тг инвестиция тұратын екінші пулдың 9 жобасын пысықтауды бастады.

ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, өз кезегінде, бүгінгі таңда білім беру саласында 558 жоба іске асырылып жатқанын айтты. 

«Оның 332-сі стандартты МЖӘ механизмы бойынша және 226-сі МЖӘ қағидаты бойынша іске асырылып жатыр, бұл жекеменшік мектептер ашу мен жатақханаларды пайдалануға беру жобалары. Тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 243 млрд теңгені құрайды», — деді білім және ғылым министрі.

МЖӘ жобалары мәліметтерінің қоржыны әр түрлі. Олардың басым көпшілігі мектепке дейінгі салада ұсынылған. 70 жоба мектеп асханаларын басқаруға беруді, 26 жоба колледждерді сенімді басқаруға беруді және 14 жоба спорт зал салуды, компьютерлік техниканы жеткізу және қызмет көрсетуді көздейді.

Көш бастап тұрған өңірлер: Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары және Алматы қаласы. 

Жеке кәсіпкерлерді мектеп құрылысына тарту нәтижесінде елімізде биылдың өзінде 47 жаңа жеке мектеп ашылды. Жыл соңына дейін тағы 13 мектеп ашылады деп жоспарланған. Тек ағымдағы жылы жеке меншік мектептер саны 121 бірліктен 181-ге дейін өседі, яғни 50% өсім. Соның нәтижесінде 18 мыңнан астам оқушы орны ашылуда. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған жеке меншік мектептер 45%-ға толықтырылды.

МЖӘ тетігі студенттер жатақханаларын салуда сәтті қолданылуда. 

«Бастама бастау алған уақыттан бері 5 149 орын пайдалануға берілді және жыл соңына дейін тағы 4 050 орын жатақханаларда пайдалануға беріледі. 28 мың орынға арналған 70 жоба бойынша жұмыс істелуде», — деді А. Аймағамбетов. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов қазіргі уақытта ҚР ИИДМ жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік-жекешелік серіктестік тетіктері аясында 36 жоба іске асырылу және пысықтау сатысында тұрғанын, оның ішінде 9-ы – республикалық және 27-сі – өңірлік жоба екенін атап өтті. Жобалардың жалпв сомасы — 2 011,8 млрд теңге.

«Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы (ҮАААЖ)» автокөлік жолын салу және пайдалануға беру» жобасы бойынша

Концессионер құрылыс-монтаж жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізіп жатыр. 14 қазанда ЕҚҚДБ Директорларының кеңесі жобаны қаржыландыруды мақұлдады, осы жылдың соңына дейін концессионер қаржылық жабылуды қамтамасыз етеді. 2021 жылы қозғалыс ашылады.

«Алматы – Қорғас» автожол учаскесінде (Батыс Еуропа – Батыс Қытай) «Нұр жолы» автомобиль өткізу пунктінің инфрақұрылымын құру» жобасы бойынша

Нысан 2018 жылдың 22 маусымында пайдалануға берілді. Жеке серіктес тарапынан келісімшарттық міндеттемелер толығымен орындалып жатыр. Бүгінгі таңда көлік құралдарын қарау уақыты 4 есеге жуық қысқарды. Күнделікті жүк тасымалы трафигі 200 автокөлікті құрайды.

«Түркістан облысының жылдам жүретін автомобиль жолдарын салу және пайдалануға беру» жобасы бойынша

Жоба аясында Шымкент және Сарыағаш айналма жолдарының құрылысы (150 км) және жалпы ұзындығы 265 км жолды пайдалануға беру көзделген. Жобаның пысықталу деңгейі жоғары. ҮАААЖ жобасын қаржылық жабуға қол жеткізу нәтижелері бойынша жобаны іске асыру тетігі туралы мәселе қаралады.

«Жол жүруге ақы алудың ашық жүйесі» жобасы бойынша

Жобаны іске асыру 2020-2023 жылдары республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 11 мың шақырымына ақы төлеу жүйесін енгізуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ инвестициялық конкурс жариялады, осы жылдың 28 қазанында конкурс өтінімдері ашылады. Келісімшартты жасау осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

«Алматы станциясын айналып өтетін ұзындығы 73,2 км темір жол желісін салу» жобасы бойынша

Қазіргі уақытта конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды. Біліктілік іріктеуінен 2 Қазақстан-Қытай консорциумы өтті.

Сонымен қатар, жеке серіктесті анықтау бойынша конкурстың екінші кезеңін өткізуге конкурстық құжаттама жасалды.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта ҰЭМ-де конкурстық құжаттамаға сараптама жүргізілуде.

Келісімшартқа қол қою ағымдағы жылдың желтоқсанына жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 2020-2022 жылдары жүргізіледі деп болжанған. 

«Түркістан қ. әуежай салу» жобасы бойынша

2019-2021 жылдары МЖӘ механизмі бойынша халықаралық әуежай мен кіру жолын салу қарастырылған. (Әуежайдың негізгі параметрлері: жасанды ұшу-қону жолағы: 3 300х45м., терминал ауданы – 10,5 мың м2, әуежайдың өткізу қабілеті – сағатына кемінде 450 жолаушы).

«Әуе жүктері (e-Freight) тасымалы саласында қағазсыз құжат айналымы ақпараттық жүйесін енгізу және бейімдеу» жобасы бойынша

Осы жылдың наурыз айында ақпараттық жүйе тестілеу режимінде Қазақстан Республикасының барлық әуежайларында қазақстандық авиакомпаниялардың қатысуымен іске қосылды. Қазіргі уақытта жүйеге SCAT, Air Astana, Turkish Airlines, Bek Air, Lufthansa, S7, Asia Freight авиакомпаниялары қосылған. Сонымен қатар, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жоспарланған. Осы жылдың соңына дейін өнеркәсіптік пайдалануға беру актісіне қол қойылады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында өңірлерде энергия үнемдеу және жылумен қамтамасыз ету саласында 26 жоба іске асырылу және пысықталу сатысында.

Энергияны үнемдеу саласындағы 23 жоба Павлодар, Атырау, Алматы, Қызылорда, Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жүзеге асырылуда.

Жылумен жабдықтау саласындағы 3 жоба Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылуда.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов бұл бағыттағы жұмыстар ЖІӨ-нің 30% деңгейіне жету үшін нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін жандандырылатынын атап өтті. Жобалардың тізімі анықталды, олардың іске асырылу барысы қадағаланады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
11 Сәуір 2021, 18:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №107
11 Сәуір 2021, 08:09
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
09 Сәуір 2021, 18:29
А. Мамин Байқоңыр қ. барды және «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен келіссөз өткізді
09 Сәуір 2021, 15:49
Мемлекет басшысының өкімімен Қ. Жайсаңбаев ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
09 Сәуір 2021, 15:43
12 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Сәуір 2021, 10:04
Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады
09 Сәуір 2021, 08:43
А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
08 Сәуір 2021, 19:11
Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы
08 Сәуір 2021, 15:47
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуір 2021, 15:27
Президент өкімімен Н. Сауранбаев ҚР ПӘ мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
08 Сәуір 2021, 14:08
ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады
07 Сәуір 2021, 21:27
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:15
Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:05
Қ. Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады
07 Сәуір 2021, 18:00
Өнеркәсіп, құрылыс, жұмыспен қамту: Жамбыл облысының 2020 жылғы даму қорытындысы
07 Сәуір 2021, 16:38
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
07 Сәуір 2021, 16:19
Мемлекеттік комиссия ШОБ қолдаудың қосымша шараларын қарастырды
07 Сәуір 2021, 08:46
«Wizz Air» лоукостері Түркістан мен Алматыға әуе рейстерін ашуға ниетті
06 Сәуір 2021, 19:45
Қ. Тоқаев Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі қабылдады
06 Сәуір 2021, 12:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.04.2021
06 Сәуір 2021, 12:21
2025 жылға дейін еліміздегі барлық жолдар жол бойы сервисімен қамтамасыз етіледі — ҚР ИИДМ
06 Сәуір 2021, 11:20
600-ден аса вакцинация кабинеті, 800 мұздатқыш жабдық және 3 мың термоконтейнер дайындалды — ҚР ДСМ
06 Сәуір 2021, 10:08
Биыл ҚР-да 6 мың шақырым автомобиль жолын реконструкциялау және салу бойынша ірі жобалар іске асырылады
06 Сәуір 2021, 09:53
2021 ж. қыркүйекте Қазақстанда вакцинациялауға жататын 10 млн адамға вакцина салу аяқталады
05 Сәуір 2021, 19:53
Вакцинациялаудың электрондық паспорты, жеке деректерді қорғау және байланыс сапасын жақсарту — Қазақстанда цифрландырудың дамуы
05 Сәуір 2021, 17:27
Қ. Тоқаев ҚР Ұлттық Банкі басшылығының құрылымында кадрлық өзгерістер жасады
05 Сәуір 2021, 14:59
6 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
05 Сәуір 2021, 14:34
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
05 Сәуір 2021, 14:29
Қ. Тоқаев ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілін тағайындады
05 Сәуір 2021, 12:00
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов Саран қ. шина зауытының құрылысын бастап берді
04 Сәуір 2021, 09:56
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №106
03 Сәуір 2021, 16:30
Е. Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысын өткізді
02 Сәуір 2021, 19:17
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
02 Сәуір 2021, 15:14
Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері «Қордай — Ақ Жол» жаңғыртылған өткізу пунктін ашты
02 Сәуір 2021, 14:21
Қ. Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Е. Досаевты қабылдады
02 Сәуір 2021, 09:38
Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
01 Сәуір 2021, 20:27
Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
01 Сәуір 2021, 18:57
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
01 Сәуір 2021, 13:06
Инвестициялар тарту, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — Батыс Қазақстан облысының 2020 жылғы дамуы
01 Сәуір 2021, 11:57
Үкіметте электрондық сауда мәселесі мен ЕАДБ-ның жаңа стратегиясы талқыланды
31 Наурыз 2021, 20:47
Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 20:33
Мемлекет басшысы онлайн форматта өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 19:08
Қазақстан Германиямен көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
31 Наурыз 2021, 16:55
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
30 Наурыз 2021, 18:37
А. Мамин ЕҚҚДБ президенті О. Рено-Бассомен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
30 Наурыз 2021, 18:20
Әділбек Сәрсембаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
30 Наурыз 2021, 18:17
Талғат Жанжүменов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
30 Наурыз 2021, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2021, 16:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.