13 Қараша 2017, 03:00
2017 жылғы 6–11 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
Осы аптада Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің отырысы өтті. Онда мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері, «Барлығына тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру барысы, су тасқыны қатерінің алдын алу шаралары қаралды.
Дүйсенбі күні, 6 қарашада Премьер-Министрдің төрағалығымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті.
Сейсенбі күні, 7 қарашада Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев Сербия Халық Скупщинасының төрайымы Майя Гойковичпен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастық және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, осы аптада Премьер-Министр мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және экспортты дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Сәрсенбі күні, 8 қарашада Бақытжан Сағынтаев Франция елшісі Филипп Мартинэмен және Жапония елшісі Итиро Кавабатамен кездесулер өткізді.
Жұма күні, 10 қарашада Бақытжан Сағынтаев ОМV компаниясының басқарма төрағасы Райнер Зелемен кездесу өткізді. Онда компаниямен ынтымақтастық орнату және Қазақстанда бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Сол күні ҚР Премьер-Министрі еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында мемлекеттік агроөнеркәсіп саясатын жетілдіру, сондай-ақ АӨК дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген АӨК-тің басым бағыттарын дамыту карталарының жобалары қаралды.
Сенбі күні, 11 қарашада Бақытжан Сағынтаев «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің «Нұр Әлем» павильонын аралады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу